@popova220690

барыня

What others replied to:

есть ли в мире доброта?

show all (40)

Әрине)
Өте оңай. көлікпен жүргенде аялдамадағы адамға шалшық суды шашыратып жібермеу үшін жылдамдықты сəл бəсеңдету – оңай. cонда оның жаңа жейдесі де, сенің арың да таза болады.
өте оңай. ойыншығын сындырып алған балаға ойыншықты емес, құнды дүние сындырып алғандай айқайлап ұрысудың орнына, "жә, ештеңе етпес. бұл – жақсылыққа", - деп жұбату – оңай.
өте оңай. анаңа "сосын" емес, бүгін хабарласып, қал-жағдайын сұрау – оңай.
өте оңай. қойылым біткен соң қошеметті тұрып көрсету – бұл оңай. қорықпаңыз, сіздің аяғыңыз сынып кетпейді, ал қойылымда ойнаған əртістің көңілі жай табады, өйткені оның еңбегін көрермен бағалады.
өте оңай. бiрдеңемен келіспей жатсаңыз, өз ойыңызды ішіңізде сақтау – оңай. ал кейін дау-дамайға кететін күшіңізді жасампаздыққа жұмсауға болады.
өте оңай. қайырымды болып, сізге жақсылық жасағандардың бəріне "рақмет" деу – оңай. мейлі, біреу сізге орын бергені үшін бе, хабарламаңызға тез жауап қайтарғандықтан ба, əлде сізге түскі асының бөлшегін бөліп бергені үшін бе – бəрібір. себебі, егер шындыққа келетін болсақ, сіздің достарыңыз да, жұмыстастарыңыз да, ата-анаңыз да, балаларыңыз да сізге ештеңе істеуге тиісті емес, ешкім сізге ештеңе міндетті емес.

View more

Language: English